«Мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар»
«Мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар» республикалық конкурсы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Қансейіт жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 25.05.2023, 09:00
- 25.05.2023, 18:30
Бекбосунова Майра 25.05.2023, 11:12, Сұрақ нөмірі: 11943
Сәлеметсіз бе! Басқармаға жұмысқа кіруім үшін қанша заңнан тест тапсырамын?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.May.2023, 15:16
Сәлеметсіз бе, Майра?! Іріктеудің жаңа пилоттық жобасына сәйкес Шымкент қаласы әкімі аппараты осы жобаға енген болатын. Бұл ретте, Сіз келесі заңнамалардан тестілеуден өтесіз; 1) ҚР Мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеу (шекті мән белгіленбейді); 2) ҚР Конституциясы (15 сұрақ); 3) ҚР Мемлекеттік қызметі туралы Заңы (15 сұрақ); 4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы (15 сұрақ); 5) ҚР Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі (10 сұрақ).