«Мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар»
«Мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар» республикалық конкурсы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Қансейіт жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 25.05.2023, 09:00
- 25.05.2023, 18:30
Атыбаева Карина 25.05.2023, 16:04, Сұрақ нөмірі: 11949
Саламатсыз ба! Пилоттық жоба бойынша мемлекеттік қызметке орналасудың реттілігі қандай?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.May.2023, 17:19
Сәлеметсіз бе, Карина?! Ең алдымен өзіңіздің (электронды цифрлы қолтаңба) ЭЦҚ болуы керек, E-Qyzmet.gov.kz жүйесінің сыртқы порталына тіркеле отырып, төрт заңнама бойынша тестілеуден өтесіз. Тестілеуді сәтті аяқтаған жағдайда жүйенің ішінен вакансиялар бөлігін таңдап бос лауазымы бар мемлекеттік органды таңдап өтінім аласыз,сол мемлекеттік органның кадр қызметкері сізге жеке қасиеттерін бағалау тестілеуін өтуге күнді белгілейді. Ол тестті аяқтаған соң іріктеудің келесі кезеңі мәтіндік және сандық (SHL) ақпаратпен жұмыс жасау бөлігіне өтесіз. Жүйе өзі неғұрлым жоғары балл алған конкурсқа қатысушыны кезең кезеңімен автоматты түрде шығарып тастап отырады. Сәйкесінше аталған кезеңдерден өту процесінде сіздің кім екеніңізді ешкім білмейді. Сәйкестендіру нөмірі айди нөмірлері беріледі. Басшы лауазымдар үшін Эссе жазылады. Сізге сәйкестендіру нөмірі беріледі. Осылайша жүйе ең жоғары балл жинаған кандидаттарды әңгімелесу кезеңіне автоматты түрде жіберіледі.