«Мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы»
«Мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.05.2023, 14:00
- 26.05.2023, 17:00
Есенбаева Сымбат 26.05.2023, 15:18, Сұрақ нөмірі: 11953
1. Саламатсыздарма! Менің сұрағым мынадай, бүгінгі күнге жас мамандардың қайсысы мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тағайындалуға құқылы? алдын ала рахмет!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.May.2023, 15:25
Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 15 бабына сәйкес, жоғары және / немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес (GPA 3,33-тен жоғары) оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына: 1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына; 3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; 4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.