«Мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы»

«Мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 26.05.2023, 14:00
  • 26.05.2023, 17:00

Жумагалиев Есжан 26.05.2023, 16:20, Сұрақ нөмірі: 11957

  • 0

Саламатсызба, жақында оқу бітірген жоғарғы оқу орнының түлектеріне мемлекеттік қызметке орналасу үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылған?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.May.2023, 16:31

Сәліметсіз бе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, ЖОО түлектері оқуын аяқтағаннан кейін 1 жыл ішінде облыстардағы аудан, ауыл деңгейіндегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз орналасуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін жастар: Біріншіден, Жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аяқтауы қажет; Екіншіден, GPA көрсеткіші белгілеген мәннен, яғни GPA 3,33-тен төмен болмауы қажет.