Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 29.05.2023, 15:00
- 29.05.2023, 18:00
Балықбай Төленді 29.05.2023, 17:28, Сұрақ нөмірі: 11960
Жұмыстан шығып кеткен едім, осыған орай, жұмыссыз ретінде тіркелсем деп едім, электронды түрде қалай тіркелуге болады?)))
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.May.2023, 18:24
Сұрағыңызға рақмет! Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 259 бұйрығымен бекітілген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының 2- тармағына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі: 1) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы; 2) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы; 3) Мемлекеттік корпорация арқылы; 4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жүзеге асырылады.