Мемлекеттік қызметті өткеру бағыты бойынша
Мемлекеттік қызмет
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 29.05.2023, 15:00
- 29.05.2023, 18:00
Окумов Жандос 29.05.2023, 17:53, Сұрақ нөмірі: 11961
Сәлеметсізбе! Мемлекеттік қызметке 2023 жылы алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілер тоқсан сайын бағалауға жатады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.May.2023, 17:58
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімінің 26-тармағына сәйкес "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалған тәртіппен жүргізіледі. Егер "Б" корпусы қызметшісінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан аз болса, оған бағалау жүргізілмейді. Осылайша, егер Сіз нақты лауазымда кем дегенде бір ай қызмет атқарған болсаңыз бағалауға жатасыз. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшіні бағалау кезінде нақты лауазымға келу уақытын лауазымға тағайындалғаннан сәттен бастап есептейтінін хабарлаймыз.