Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Спорттық ісшаралар жұмыстары қалай атқарылады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 30.05.2023, 10:00
  • 30.05.2023, 15:00

Айтмұхамбетова Шұғыла 30.05.2023, 10:23, Сұрақ нөмірі: 11962

  • 0

Жетісу облысында кәзіргі таңда ұлттық спорт түрлері бойынша қандай жұмыстар атқаруда?

Жетісу облысы 30.May.2023, 10:43

Қазіргі таңда Жетісу облысында ұлттық спорт түрінен 827 секция бар. Оларда 22648 адам спортмен жүйелі түрде шұғылданады (оның ішінде 14907 ауылды жерде), бұл облыстағы жалпы спортпен шұғылданушы халық санының 8,6 % қамтиды. Облыста ұлттық спортты дамытумен 2 ұйым айналысады: 1. «Талдықорған қаласының ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-сі бар (бала саны 413, 21 оқытушы-жаттықтырушы). 2. 2023 жылдың наурыз айынан «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы» ашылып, жұмыс жасап жатыр. Облысымызда биылғы жылға ұлттық спорт түрлері бойынша 20 жарыс өткізілу жоспарлануда. Атап айтсақ ұлттық ат спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының Кубогі үшін Республикалық жарыс және Ұлттық ат спорты түрлерінен «Жетісу жүйрігі» Республикалық жарысы.