«Облыстың өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы »

«Облыстың өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы » тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 31.05.2023, 10:00
  • 31.05.2023, 17:00

Карлова Жанель 31.05.2023, 10:49, Сұрақ нөмірі: 11966

  • 0

Индустриялық-инновациялық дамыту бойынша облыста қандай жобалар жүзеге асырылуда?

Қызылорда облысы 31.May.2023, 11:01

Қайырлы күн! Облыстың өңдеу өнеркәсібінің жекелеген салаларын дамытатын ірі жобалар Индустрияландыру картасы аясында іске асырылуда. Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында облыста құны 607,7 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,3 мың адамды жұмыспен қамтитын 34 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда. 2022 жылы құны 1 млрд.теңгенің 5 жобасы іске қосылды. Оның ішінде, бетон зауыты, балық өңдеу және күріш ақтау цехтары, балық ұнын шығару мен құрғақ құрылыс қоспалары өндірістері. Биылғы жылы құны 7,4 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 283 жұмыс орны ашылатын 4 жобаның іске қосылуы жоспарлануда – құс фабрикасы, бие сүтін өңдеу, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру және құрғақ құрылыс қоспалары. Бұдан бөлек, тау-кен металлургиясын дамыту мақсатында облысымызда «Шалқия» және «Баласауысқандық» кеніштерін игеру жобалары жүзеге асырылуда. «Шалқия» кен орны - дүние жүзіндегі ең ірі бес кеніштің бірі. Комбинат құрылысын жүргізетін Мердігер компанияны анықтау мақсатында Еуропалық даму және қайта құру банк платформасында тендер өткізілуде. Маусым айында жеңімпаз анықталады деп күтілуде. Тендерлік процесс аяқталған соң жобаның құрылыс жұмыстары шілде айында басталатын болады. Тау - кен металлургия саласындағы екінші жоба - «Баласауысқандық» кен орнын игеру жобасы, 100% шетелдік инвестордың қатысуымен іске асырылуда (Ферролоус ресорсиз лтд). 2016 жылдан бастап тәжірибелік-өндірістік кешен жұмыс жасайды. Зауыт құрылысын 2024 жылы бастау жоспарлануда. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз.