«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау»
Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы А.А.Көмекбаев мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау туралы сұрақтарға жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 31.05.2023, 09:00
- 31.05.2023, 18:00
Әуелов Бекет 31.05.2023, 11:55, Сұрақ нөмірі: 11967
Сәлеметсізбе, 2017 жылы жоғары оқуымды басқа қалада аяқтаған едім. Мамандығым бойынша жұмыс болмай, уақытша басқа істермен айналыстым. Қәзіргі уақытта мамандығым бойынша жұмысқа орналасайын десем, дипломымды жоғалтып алдым. Енді дипломды қайта қалпына келтіру үшін оқуымды аяқтаған қалаға баруым қажет пе? Қанша мерзімде дайын болады? Ақылы ма әлде тегін бе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.05.2023
Қайырлы күн, жоғары оқу туралы құжаттың телнұсқаны алу үшін басқа қалаға барудың қажеті жоқ. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының бөліміне немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қалдыра аласыз. Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі) қажет. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі тегін, күнтізбелік 15 күн ішінде көрсетіледі.