«Облыстың өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы »
«Облыстың өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы » тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 31.05.2023, 10:00
- 31.05.2023, 17:00
Тәпіш Жаныбек 31.05.2023, Сұрақ нөмірі: 11968
Өнеркәсіптік кәсіпорындарға мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары ұсынылады?
Қызылорда облысы 31.05.2023
Қайырлы күн! Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өнеркәсіптік саясатты дамыту үшін «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданды. Заң аясында бүгінгі таңда бизнесте талқыланып жатқан мәселелердің көпшілігін шешу үшін арнайы құрал – өнеркәсіптік грант әзірленді. Өнеркәсіптік грант өндірісті жаңғырту, шығарылатын өнімнің сапасы мен көлемін арттыру немесе өнімнің жаңа түрлерін жасау мақсатында беріледі. Жаңғырту ескірген жабдықты жаңа неғұрлым өнімді жабдыққа ауыстыруды, сондай-ақ жаңа жабдықты сатып алуды көздейді, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорында қазірдің өзінде шығарылып жатқан өніммен салыстырғанда анағұрлым жоғары сипаттамалары бар жаңа өнім өндірісін құруға мүмкіндік береді. Бұл ретте өнеркәсіптік грант еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс көлемін ұлғайту және салық төлемдерін арттыру жөніндегі қарсы міндеттемелердің орнына берілетін болады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы әзірленіп, ауыл кәсіпкерлерін 2,5 пайыз жеңілдікпен несиелендіру тетігі іске қосылды. Сонымен қатар, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына да 2,5 пайызбен несие, қайтарымсыз гранттар беру жалғастырылуда. Бұл мемлекеттік қолдау шаралары өнеркәсіпті дамытуға бағытталатын болады.