«Облыстың өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы »

«Облыстың өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы » тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 31.05.2023, 10:00
  • 31.05.2023, 17:00

Құрманбай Оңдасын 31.05.2023, 13:46, Сұрақ нөмірі: 11969

  • 0

Көптен күткен «Orda Glass ltd» шыны зауыты өткен жылы іске қосылды. Сол кезден осы күнге дейін қанша өнім шықты? Ол өнімді қайда өткізуде?

Қызылорда облысы 31.May.2023, 13:55

Қайырлы күн! Иә, шыны зауытымыз өткен жылы қазан айында іске қосылып, желтоқсан айына дейін құны 4,5 млрд.теңгені құрайтын 32 мың тоннаға жуық республикадағы алғашқы инновациялық шыны өнімін шығарды. Шымкент, Алматы, Астана қалаларына сатылып, Өзбекстан Республикасына экспортталды. Биылғы 4 айда құны 6 млрд.теңгені құрайтын 3,5 млн.шаршы метр өнім шығарды және жыл соңына дейін жылдық қуаттылыққа шығады. Шығарылған өнім бүгінгі күні еліміздің барлық өңірлеріне жіберілуде. Одан бөлек Тәжікстан, Түркменстан, Ресей және Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларына экспортталуда.