«Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау»
«Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Қ.Каипназарова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 31.05.2023, 09:00
- 31.05.2023, 18:30
Анефияев Сакен 31.05.2023, 15:10, Сұрақ нөмірі: 11971
Атқарған қызметінің нәтижесінде төмен көрсеткіштегі баға алған жағдайда мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.May.2023, 16:29
Сәлеметсіз бе, Сәкен!? Иә, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалаудың қанағаттанарлықсыз нәтижелері мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына негіз болады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Президентімен айқындалған мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу тәртібі мен мерзімдеріне сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің екі жыл қатарынан қанағаттанарлықсыз баға алуы, ол біліктілік талаптарына сай келген және төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған жағдайда, оның мемлекеттік лауазымын төмендетуге әкеп соғады. Төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге басқа бос мемлекеттік лауазым ұсынылады.