«Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау»
«Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Қ.Каипназарова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 31.05.2023, 09:00
- 31.05.2023, 18:30
Анефияев Сакен 31.05.2023, 15:11, Сұрақ нөмірі: 11972
Мемлекеттік қызметшінің қызметін бағалауда мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамамен белгіленген кепілдіктер бар ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.May.2023, 16:30
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері атқарған қызметінің нәтижелері бойынша заңнамамен белгіленген талаптарға сәйкес бағаланады. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілерді бағалау «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен реттеліп, мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізудің тәртібі мен мерзімдері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген қағидаларда және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған. Осы ретте, мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізудің мақсаты - атқарылған жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау болып табылады. Ал, қызметін бағалау нәтижелері негізінде мемлекеттік қызметшіге бонус төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын жоғарылату, төмендету не қызметтен шығару жөніндегі шешімдер қабылданады.