«Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің сақталу сұрақтары»
Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.А.Көмекбаев мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау сұрақтарына жауап береді.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 01.06.2023, 17:20
- 01.06.2023, 18:30
Сауелов Жанарыс 01.06.2023, 17:24, Сұрақ нөмірі: 11978
Мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiң терiс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер қандай жағдайларда уақытша тоқтатыла тұрады ?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 01.June.2023, 18:00
ҚР Президентінің 2015ж. 29 жетоқсанындағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы қағидаларының 53-тармағына сәйкес, қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру: 1) мемлекеттiк әкімшілік қызметшi еңбекке уақытша жарамсыз болған; 2) мемлекеттік әкімшілік қызметші демалыста немесе iссапарда болған; 3) мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындаған уақытта оны өз лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылған; 4) мемлекеттік әкімшілік қызметші даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болған; 5) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне ол сот тәртібімен шағым жасаған кезеңде, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болып табылатын мәселе сот тәртібімен қаралған жағдайларда; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген төтенше жағдай ретінде түсінілетін еңсерілмейтін күш әсер еткен; 7) қызметтік тергеп-тексерулерді жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпарат беру туралы сұрау салу мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де субъектілерге жіберілген кезеңде тоқтатыла тұрады.