«Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің сақталу сұрақтары»
Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.А.Көмекбаев мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау сұрақтарына жауап береді.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 01.06.2023, 17:20
- 01.06.2023, 18:30
Коканова Магжан 01.06.2023, 18:05, Сұрақ нөмірі: 11979
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметшіге қатысты қай кезде қызметтік тергеп-тексеру жүргізіледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 01.June.2023, 18:17
Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидағаларына сәйкес, қызметшіге қатысты екі жағдайда қызметтік тергеп-тексеру жүргізіледі олар: 1. Егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау жайтымен келiспесе, онда осы Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес, қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлуге тиiс; 2. Жасағаны үшін лауазымынан төмендету, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту және атқаратын лауазымынан босату түрiнде тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін тәртіптік теріс қылықтар бойынша қызметтiк тергеп-тексеру жүргізу міндетті.