Интернет-конференция тақырыбы “Департамент мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы салаларында бақылау функциялары, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселесі бойынша талдауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі ”

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 02.06.2023, 10:00
  • 02.06.2023, 18:00

Жусипова Дана 02.06.2023, 15:09, Сұрақ нөмірі: 11983

  • 0

Елбасының Мемлекеттік бюрократиядан арылту туралы Жарлығында бюрократиядан құтылудың қандай жолдары көрсетілген

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.June.2023, 15:22

Саламатсыз ба, сұрағыңызға алғысымызды білдіреміз. Жарлыққа сəйкес, ресми органдарда шешімдер жедел қабылданып, бірінші басшылардың дербестігі мен жеке жауапкершілігі артады. Құжат айналымы цифрландырылады және есеп беру азаяды. Яғни, ол жерде цифрландыру, тиісті жұмыстарды көп күттірмей сапалы әрі тез шешу, халықты құжаттар үшін әр мекемеге қайта-қайта жүгіртпей бір база арқылы қызмет көрсету бойынша жұмыс атқару керектігі айтылған. Қағаз бастылықтан арылу арқылы уақытты үнемдеу, барынша ашықтық және сапалы жұмысқа қол жеткізу. Халықты цифрландыру бағытына қарай оқытып, мемлекеттік мекемеге келмей-ақ, көптеген жұмысты үйде отырып атқара алуға жағдай жасау. Бұл мемлекет үшін де, халық үшін де өте тиімді болар еді. Сонымен қатар қоғам дерті болып келе жатқан сыбайлас жемқорлыққа да тұсау болады.