«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бақылауда»

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және оны бақылау бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 06.06.2023, 10:00
  • 06.06.2023, 15:00

Сейдалиева Ботагоз 06.06.2023, 14:20, Сұрақ нөмірі: 11991

  • 0

Сәлеметсіз бе! Проактивті көрсетілетін қызметтер деген ұғымды жиі естимін. Бұл қандай қызметтер?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 07.June.2023, 09:57

Сәлеметсіз бе! Проактивті көрсетілетін қызмет-электрондық нысанда көрсетілетін, қызметтер көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады. Оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған, қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.