«Әдеп жөніндегі кеңесінің қызметі»

«Әдеп жөніндегі кеңесінің қызметі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А.Марасулов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 06.06.2023, 09:00
  • 06.06.2023, 18:30

Пернебекова Салтанат 06.06.2023, 15:47, Сұрақ нөмірі: 11992

  • 0

Әдеп жөніндегі кеңестеріне қандай міндеттер жүктелген?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.June.2023, 16:49

Сәлеметсіз бе, Салтанат! Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері: 1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу; 2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау; 3) әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.