Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын мәселелер
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
 - Жауаптар: 3
 - 09.06.2023, 10:00
 - 09.06.2023
 
Сейсенов Алмас 09.06.2023, 10:10, Сұрақ нөмірі: 11997
 Сәлеметсіз бе, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы кім болып табылады? 
                
                


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.June.2023, 15:19
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы» ережесінің 8-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының басшысы лауазымы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып табылады, оны Агенттіктің төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.