Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын мәселелер
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 09.06.2023, 10:00
- 09.06.2023
Әбдіқалықов Дулат 09.06.2023, 10:27, Сұрақ нөмірі: 11999
Саламатсыз ба, егер мемлекеттік қызметші уақытша еңбекке жарамсыз немесе еңбек демалысында болса, оған қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қарала алады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.June.2023, 15:18
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» қағидасының 53-тармағына сәйкес, қызметтiк тергеп-тексерулер: 1) мемлекеттiк әкімшілік қызметшi еңбекке уақытша жарамсыз болған; 2) мемлекеттік әкімшілік қызметші демалыста немесе iссапарда болған; 3) мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындаған уақытта оны өз лауазымдық міндеттерін орындаудан босатқан; 4) мемлекеттік әкімшілік қызметші даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болған; 5) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне ол сот тәртібімен шағым жасаған кезеңде, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болып табылатын мәселе сот тәртібімен қаралған жағдайларда; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген төтенше жағдай ретінде түсінілетін еңсерілмейтін күш әсер еткен; 7) қызметтік тергеп-тексерулерді жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпарат беру туралы сұрау салу мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де субъектілерге жіберілген кезеңде тоқтатыла тұрады.