Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын мәселелер
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 09.06.2023, 10:00
- 09.06.2023
Сейсенов Алмас 09.06.2023, 11:56, Сұрақ нөмірі: 12000
Сәлеметсіз бе !!! әдеп жөніндегі кеңес барлық мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарай ма.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.June.2023, 15:17
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» қағидасының 25-тармағына сәйкес, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-O-2, Е-1, Е-2, E-R-1, E-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымға орналасқан әдеп жөніндегі уәкілдердің тәртіптік жауаптылығын мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері қарайды.