«Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің сақталу сұрақтары»

Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.А.Көмекбаев мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау сұрақтарына жауап береді.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 12.06.2023, 09:00
  • 12.06.2023, 18:00

Исмаилова Гульзира 12.06.2023, 16:05, Сұрақ нөмірі: 12002

  • 0

Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметшіге қатысты қай кезде тергеу-тексеру жүргізіледі?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.June.2023, 16:59

Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидағаларына сәйкес, қызметшіге қатысты екі жағдайда қызметтік тергеп-тексеру жүргізіледі. Олар: 1. Егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау жайтымен келiспесе, онда осы Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес, қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлуге тиiс; 2. Жасағаны үшін лауазымынан төмендету, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту және атқаратын лауазымынан босату түрiнде тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін тәртіптік теріс қылықтар бойынша қызметтiк тергеп-тексеру жүргізу міндетті.