«Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау мәселелері»
«Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Қантаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 13.06.2023, 09:00
- 13.06.2023, 18:30
Башаев Бахытжан 13.06.2023, 16:25, Сұрақ нөмірі: 12011
Мемлекеттік қызметші iссапарда болғанда оның тәртіптік жауаптылығын қатысуынсыз қарауға болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.June.2023, 16:42
Сәлеметсіз бе, Бахытжан!? Жоқ, болмайды. Себебі тәртіптік жауаптылық туралы мәселені қарау мемлекеттік қызметшінің iссапарда болуы кезеңінде тоқтатыла тұратыны мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарымен белгіленген.