Мемлекеттік органдардың қызметінде икемді, аралас және қашықтан жұмыс кестесін қолданудың кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік органдардың қызметінде икемді, аралас және қашықтан жұмыс кестесін қолданудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ш.Ә. Әлімхан жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 15.06.2023, 09:00
- 15.06.2023, 18:00
Тұрсын Жания 15.06.2023, 16:30, Сұрақ нөмірі: 12020
Мемлекеттік қызметшілерге қашықтан жұмыс істеуге қашан рұқсат етіледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.June.2023, 16:37
Саламатсыз ба, Жания.Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде, сондай-ақ жұмыскерлердің өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да айрықша жағдайларда уәкілетті адам (жұмыскерді лауазымға тағайындауға және лауазымнан босату құқығы бар адам) жұмыскерлерге қашықтықтан жұмыс істеу немесе аралас қашықтықтан жұмыс істеу белгілеуге құқылы. Бұл жағдайда қашықтықтан жұмыс істеу немесе аралас қашықтықтан жұмыс істеу осындай жұмыс режимін уақытша белгілеуге негіз болған жағдай жойылатын күннен аспайтын мерзімге белгіленеді. Сұрағыңызға рақмет!