«Медицина саласындағы жетістіктер туралы»
«Медицина саласындағы жетістіктер туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 19.06.2023, 10:00
- 19.06.2023, 17:00
Бақытбек Әйгерім 19.06.2023, 10:47, Сұрақ нөмірі: 12024
Балалар ауруханасында ортопедиялық есепте тұрған науқастарға реабилитациялық ем алу портал арқылы жату кезегі ұзақ?
Қызылорда облысы 19.June.2023, 10:50
Қайырлы күн! Балалар ауруханасындағы ортопед травматолог дәрігер травматология бөлімінде жарақатпен жатқан балаларға ота жасайды және реабилитациялық науқастарды жүргізеді. Осыған орай ортопедиялық реабилитация жиілігі бәсеңдеу болып тұр. Осы жылы 1 резидент травматолог дәрігер жұмысқа алынады және де алдағы уақытта балалар ауруханасына қосымша ғимарат беру қарастырылып жатыр, қосылғаннан кнйін травматология бөлімін нейрохирургия бөлімінен өз алдына бөлімше етіп бөліп, реабилитацияның ортопедиялық төсегін травматология бөліміне қосылады, сол кезде ортопедиялық науқастарды жүргізу жұмысы ауқымды болады.