«Медицина саласындағы жетістіктер туралы»
«Медицина саласындағы жетістіктер туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 19.06.2023, 10:00
- 19.06.2023, 17:00
Кожабекова Лаура 19.06.2023, Сұрақ нөмірі: 12025
Көпбейінді Қазалы аудандық ауруханасына Компьютерлік томограф, МРТ аппараты қашан сатып алынады?
Қызылорда облысы 19.06.2023
Сәлеметсіз бе? «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы негізінде облыстағы Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханалары «аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» болып қайта құрылды. Осыған байланысты, кейбір жетіспейтін медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында Қазалы аудандық ауруханасына 2023 жылға республикалық бюджет есебінен 190,4 млн.теңге қаралса (УЗИ экспертного класса, Видеогастроскоп, Фибробронхоскоп, Хириургиялық жинақ т.б) 2024 жылға 1 300,0 млн теңгеге (КТ, МРТ) медициналық бұйымдар сатып алу жоспарланып отыр.