«Медицина саласындағы жетістіктер туралы»
«Медицина саласындағы жетістіктер туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 19.06.2023, 10:00
- 19.06.2023, 17:00
Бақытбек Әйгерім 19.06.2023, 16:28, Сұрақ нөмірі: 12026
Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі аурухана құрылысы 2020 жылы басталды да аяқталмай қалды. Аурухана құрылысын аяқтау қашанға жоспарлануда?
Қызылорда облысы 19.June.2023, 16:37
Қайырлы күн! Қазіргі таңда Сексеуіл кентіндегі қолданыстағы ауылдық аурухана 1928 жылы салынған типтік емес ғимаратта орналасқан. Кентте жалпы саны 12 мыңнан аса халық тұрады. Кент тұрғындарына жаңадан типтік аурухана салу үшін 2015 жылы 3,5 га жер учаскесі бөлінген. 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен аурухана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы (15.02.2016ж. №14-0030/16) алынған. Жобаның жалпы құны – 817,3 млн. теңге. 2019 жылы Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес конкурс өткізіліп, мердігер мекеме анықталған Анықтама ретінде: конкурс нәтижесімен еңімпаз атанған «Атамекен» ЖШС-мен 26.03.2019 жылы №41 екі жақты шарт жасалған. Шарттың жалпы сомасы 772,8 млн. тг.Мердігер барлығы 2019-2020 жылдары 178 919,8 мың теңге игерген. Мердігер мекеменің жұмыс кестесінен кешігіп, атқарушылық-техникалық құжаттамаларын тиісінше жүргізбеуі және құрылыс жұмыстарының орындау мерзімін бұзуына байланысты 2021 жылы мердігермен жасалған шарт заң аясында бір жақты бұзылған (2021 жылдың 9 маусымында). Анықтама ретінде: «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 20-қосымшаның 9.3-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу шарты 2021 жылдың 9 маусымда бір жақты бұзылып, мердігерді жосықсыз қатысушы деп тану бойынша сотқа талап арыз жолданып, тиісті шаралар қабылданған (13,0 млн. теңге айыппұл салынған). Аталған аурухана құрылысы мәселесін шешу мақсатында биылғы жылы нысанды аяқтауға жергілікті бюджет есебінен -575,6 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта жарияланып, конкурс нәтижесі бойынша «Интегрострой» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Бүгінгі күнге құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.