«Халықтың әр түрлі топтарының «Ашық деректерге» қажеттілігін анықтау мәселесі»
«Халықтың әр түрлі топтарының «Ашық деректерге» қажеттілігін анықтау мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 23.06.2023, 10:00
- 23.06.2023, 17:00
Әбен Тілеулес 23.06.2023, 11:22, Сұрақ нөмірі: 12032
Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы!
«Ашық деректер» порталында қандай органдардың деректері орналастырылған?
Қызылорда облысы 23.June.2023, 11:34
Сәлеметсіздер ме! Сұрағыңызға рахмет. Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер жиынтығының тізбесі Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 128 қаулысымен бекітілген. Бекітілген қаулыға сәйкес Қызылорда облысы әкімі аппаратына қарасты 16 облыстық басқармаларының, атап айтқанда құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық; еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру; мәдениет және спорт; мемлекеттік сектор; денсаулық сақтау; өнеркәсіп; білім және ғылым; экономика; ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы; сауда; қаржы; халық және қоғам салаларындағы деректері орналастырылған. Аталған деректер өзектендіру мерзімдеріне (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжыл сайын, жыл сайын және қажеттілігіне қарай) сәйкес тексеріп, жинақтап, «Ашық деректер» интернет-порталына орналастырылып отырылады.