«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі»
«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 29.06.2023, 11:00
- 29.06.2023, 17:00
Бақыт Айбек 29.06.2023, 14:38, Сұрақ нөмірі: 12038
Құрметті Тоқтамыс Қадошұлы, аумақтық департаменттің құзыретіне жататын бағыттар бойынша айтып өтсеңіз.Рахмет!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.June.2023, 15:41
Құрметті Бақыт Айбек, интернет-конференцияға сауал қойып, белсендіілк танытқаныңызға алғысымды білдіремін. Аумақтық департаменттің құзыретіне мемлекеттік қызметті өткеруді үйлестіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау және бағалау, Әдеп нормаларын сақтау және бюрократиядан арылту мәселелерін үйлестіру жатады. Қосымша сұрақтарыңыз болса 8/7292/ 30-36-43 шұғыл желісіне звандап консультация алуыңызға болады.