«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі»
«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 29.06.2023, 11:00
- 29.06.2023, 17:00
Адилова Жасмин 29.06.2023, 14:58, Сұрақ нөмірі: 12039
Құрметті Тоқтамыс Қадошұлы, Мемлекеттік басқару академиясының түлектерін мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстан тыс тағайындау бойынша түсіндіріп берсеңіз
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.June.2023, 15:36
Құрметті Адилова Жасмин, интернет-конференцияға қатысып, белсенділік танытқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне GPA 3.3 немесе одан да жоғары болған жағдайда, диплом алған күннен бастап 1 жыл ішінде Агенттіктің аумақтық департаментінің келісімімен конкурстан тыс мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындалуларына мүмкіндіктері бар. Тестілеу сертификаты болуы міндетті.