Тұрмыста өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы

«Өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы » тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Бекболатұлы Дербісов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 27.06.2023, 11:00
  • 29.06.2023, 17:00

Жананова Нурдана 29.06.2023, 15:59, Сұрақ нөмірі: 12042

  • 0

Көпқабатты тұрғын үйлерде өртті сөндіруге техника жеткілікті ме? Бар ма? Астана, Алматы қалаларында бар шығар, ал басқа қалаларда бар ма?

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 29.June.2023, 16:42

Қайырлы күн! Соңғы 5 жылда ТЖМ бөлімшелеріне 30 өрт сатысы мен көтергіш сатып алынды. Қазір министрліктің бөлімшелері олармен 60% қамтамасыз етілген. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан өрт сөндіру бөлімшелерінде, сондай-ақ Ақтөбе, Тараз, Қостанай, Қызылорда, Петропавл және Түркістан қалаларын қоспағанда, облыс орталықтарында жебенің биіктігі 50-ден 90 метрге дейінгі баспалдақтар бар, бұл 12 қабаттан жоғары биіктікте құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Биік ғимараттарда жұмыс істеу үшін министрлік 4 сағаттық тыныс алуға мүмкіндік беретін аппараттарын сатып алдық, бұл стандартты аппараттардың жұмыс уақытынан 4 есе көп. Алайда, 12-ші қабаттан жоғары биіктікте өртті сырттан сөндіру бүкіл әлемде тиімсіз деп танылғанын атап өткен жөн. Сондықтан өртті анықтау және сөндіру, түтінді жою, түтіндемейтін баспалдақ, қауіпсіздік аймақтарының ішкі өртке қарсы жүйелерінің болуы және жұмыс істеуі талап етіледі.