Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 29.06.2023, 16:00
- 29.06.2023, 18:00
Аширбеков Алимхан 29.06.2023, 16:37, Сұрақ нөмірі: 12045
Саламатсызба. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қазіргі таңда қандай төлемдер төленеді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.June.2023, 16:41
Қайырлы күн. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бүгінгі таңда келесідей төлемдер төленеді: - Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем; - Еңбекке қабілетінен айырылуына байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем; - Жұмысынан айырылуына байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем; - Жүктілігі және бала босануына байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем; - Бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем; - Жаңа туылған баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемдер жүргізіледі.