«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау»
Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы А.А.Көмекбаев мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау туралы сұрақтарға жауап береді.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 05.07.2023, 09:00
- 05.07.2023, 18:00
Нургалиева Шынар 05.07.2023, 11:59, Сұрақ нөмірі: 12051
Сәлеметсіз бе! Емханаға тіркелу кезінде қандай жағдайда бас тартылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.07.2023
ҚР Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 13 қарашасы № ҚР ДСМ-194/2020 Бұйрықпен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларына сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі емханаға бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, қызметті алушының МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісі орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) тыс нақты (тұрақты немесе уақытша) тұруын белгілеу; 3) бекітілген халықтың саны бір жалпы практика дәрігеріне 1700 адам аралас халық, учаскелік терапевтке 2200 адам, учаскелік педиатрға 6 жасқа дейін 500 бала, 14 жасқа дейін 900 баладан асуы; 4) балалар бекітілген жағдайда заңды өкілдігін растайтын құжаттың болмауы.