Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары беріледі.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 10.07.2023, 10:00
  • 10.07.2023, 15:00

Бедельбаева Данна 10.07.2023, 10:35, Сұрақ нөмірі: 12054

  • 0

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі?

Жетісу облысы 10.July.2023, 10:52

Дипломмен ауылға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарлама бойынша екі түрлі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі: 1) Бір реттік көтерме жәрдемақы – 100 айлық есептік көрсеткішке тең; 2) Тұрғын үй алуға немесе салуға берілетін бюджеттік кредит – 1500 айлық есептік көрсеткішке тең.