Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары беріледі.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 10.07.2023, 10:00
- 10.07.2023, 15:00
Раимкулова Айгерим 10.07.2023, 10:36, Сұрақ нөмірі: 12055
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары қандай мамандықтар тізбесіне беріледі?
Жетісу облысы 10.July.2023, 10:54
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі бойынша ұсынылады.