Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары беріледі.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 10.07.2023, 10:00
- 10.07.2023, 15:00
Жайнақова Салтанат 10.07.2023, Сұрақ нөмірі: 12057
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін берілетін 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері аз деп ойлаймын. Мысалы, көптеген ауылдарда үйдің бағасы 5 млн.теңгеден жоғары.
Осыған байланысты, тұрғын үйге берілетін кредит мөлшері ұлғаяды ма?
Жетісу облысы 10.July.2023, 13:01
Біздің тараптан Ұлттық экономика министрлігіне тұрғын үй сатып алу үшін берілетін бюджеттік кредит мөлшерін 1500 айлық есептік көрсеткіштен (5,2 млн.теңгеден) 2500 АЕК-ке (8,6 млн.теңгеге) дейін ұлғайту бойынша бірнеше рет ұсыныстар жолданған болатын, қазіргі таңда бұл мәселе қарастырылып жатыр. 2024 жылдан бастап тұрғын үй сатып алу үшін берілетін кредит мөлшерін ауылдық окруктердің орталықтарына 2500 АЕК-ке дейін, басқа ауылдар бойынша 2000 АЕК-ке дейін ұлғайту көзделуде.