Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты мәселелер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 13.07.2023, 15:00
  • 13.07.2023, 17:00

Камбар Маржан 13.07.2023, 15:19, Сұрақ нөмірі: 12066

  • 0

2. Түсіндім. Енді жерді келісу үшін не істеуім керек?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.July.2023, 15:22

Ол үшін, Сіздің жер теліміңіздің орналасуына қарай тікелей «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалына немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталына төмендегі құжаттар топтамасын тапсыруыңыз қажет: 1) нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) жер учаскесінің жоспары және оның бұрыштық бұрылыс нүктелері координаталарының ведомостері; 4) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің) көшірмесі. Порталға жүгінген кезде: 1) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным; 2) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің сайтында қалыптастырылған жоспар нөмірі; 3) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің) ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, электрондық көшірмесі. Өз кезегінде, құжаттар топтамасы толық ұсынылып және (немесе) қолданылу мерзімі өтпеген құжаттарды ұсынған жағдайда, Сізге 7 жұмыс күнінде жобаланып отырған жер учаскесінің келісілген жоспары беріледі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартылады.