Мемлекеттік қызметке кіру және өткеру бойынша
Мемлекеттік қызметке кіру және өткеру бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 19.07.2023, 10:00
- 19.07.2023, 17:00
Мүсілімбек Аяулым 19.07.2023, 14:48, Сұрақ нөмірі: 12075
Саламатсызба, жақында қызым оқу бітіріп еді, жоғарғы оқу орнының түлектеріне мемлекеттік қызметке орналасу үшін қандай мүмкіндіктер беріледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.July.2023, 15:04
Сәліметсіз бе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, ЖОО түлектері оқуын аяқтағаннан кейін 1 жыл ішінде облыстардағы аудан, ауыл деңгейіндегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз орналасуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін жастар: Біріншіден, Жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аяқтауы қажет; Екіншіден, GPA көрсеткіші белгілеген мәннен, яғни GPA 3,33-тен төмен болмауы қажет.