«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану- аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі»
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану- аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 20.07.2023, 10:00
- 20.07.2023, 17:00
САДЫКОВ КАЙРАТ 20.07.2023, 10:23, Сұрақ нөмірі: 12077
Аймақта ағымдағы су шаруашылығы жағдайы қалай? Сырдария өзенінің бассейніндегі су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша қандай шаралар атқарылуда?
Қызылорда облысы 20.July.2023, 10:45
Бүгінгі таңда аймақта егілген ауылшаруашылығы дақылдарын сумен қамтамасыз ету күрделі жағдайда өтуде. Ағымдағы жылдың 18 шілдедегі мәлімет бойынша Шардарада су көлемі 2 096 млн. текше метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 740 млн. текше метрге кем. Шардараға шілде айында секундына 300 текше метр су түсуі болжанса, бүгінгі күні нақты секундына 80 текше метр түсуде, немесе болжанған көлемнен 220 текше метрге кем. Шаруалармен бірлесіп егілген егістікті суармалы судан қалдырмау шаралары қабылдануда. Облыста арнайы жұмыс тобы құрылып шаруашылықтарға суды кезекпен берілуі бақылауға алынған. Жоғары орналасқан жерлерге су жеткізу және қашыртқыдағы суды екінші мәрте пайдалану үшін 351 насос жұмыс жасауда. Шардара су қоймасына судың түсуін ұлғайту жөнінде Экология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсыныстар берілді. Егістікті сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша Үкіметте бірнеше рет мәжіліс өтті.