Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 0
- 20.07.2023, 10:00
- 20.07.2023, 17:00
Төлебаев Самат 20.07.2023, 11:10, Сұрақ нөмірі: 12078
Мемлекеттік қызметке кіру үшін тест тапсырған соң бағалау парағы манызды ма
Канапина Зауреш 20.07.2023, 15:57
Құрметті Самат Төлебаев! «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28-бабының 3-тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметке орналасу үшін жарияланған жалпы конкурсқа қатысуға тест рәсімдерінен алдын-ала өткен және уәкілетті орган белгілеген мәндерден төмен емес нәтижелері бар азаматтар жіберіледі. Осы ретте, қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, егер Сіз мемлекеттік қызметке кіруге ниет білдірген жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеумен қатар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өтуіңіз қажет. Егер де Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеумен қатар жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өтпеген жағдайда, мемлекеттік қызметке орналасу үшін жарияланған жалпы конкурсқа қатысуға жіберілмейді.