«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану- аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі»
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану- аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 20.07.2023, 10:00
- 20.07.2023, 17:00
Косжанова Алма 20.07.2023, 11:11, Сұрақ нөмірі: 12079
Облыстағы негізгі проблемалардың бірі экологиялық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін полигондардың аздығы. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы білгім келеді?
Қызылорда облысы 20.July.2023, 11:30
Облыстың 145 елді мекендерінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі 402 гектар жер учаскелері белгіленген. Бүгінгі күні, облыстағы 7 полигон (4,8%) экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендірілген. Қазіргі таңда, облыстың 4 ауданында жалпы құны шамамен 1,9 млрд. теңгені құрайтын жаңа полигондардың жобалық-сметалық құжаттамалары (Арал ауданы (Сексеуіл кенті) – 752 млн.тг., Жалағаш ауданы – 526,0 млн.тг., Сырдария ауданы - 475,5 млн.тг. және Шиелі ауданы - 335,0 млн.тг.) әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Осы жылдың сәуір айында Сырдария ауданындағы (Тереңөзек кенті) полигон жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, қазіргі таңда, құрылысын бастауға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылуда.