«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану- аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі»
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану- аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 20.07.2023, 10:00
- 20.07.2023, 17:00
Айтбай Нұрмағанбет 20.07.2023, Сұрақ нөмірі: 12080
Соңғы жылдары облыста балық шаруашылығы саласы дамып келе жатқаны белгілі. Бүгінгі күні, өндірістің барлық саласы бойынша мемлекеттің ұстанымы экспорттық өнім көлемін арттыру екені белгілі. Осы бағытта балық шаруашылығы саласындағы қазіргі жағдай қандай?
Қызылорда облысы 20.07.2023
Сұрағыңызға рахмет! Балық шаруашылығы өңірімізде маңызды орын алатын салалардың бірі. Бүгінгі күні, Қызылорда облысы бойынша 10 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. Ол зауыттарда 500-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Өңдеуші кәсіпорындарды дамыту балық өнімдерін экспортқа шығарудың потенциалын арттыра түсті. Қазіргі таңда, облыс бойынша балық өңдейтін 4 зауыт шығарған өнімдерінің халықаралық стандартқа сәйкестігін растайтын "Еврокод" белгісін алған. Балық өнімдері негізінен Ресей Федерациясына және Еуропа елдеріне экспортталуда. (Германия, Польша, Нидерланды, Литва, Венгрия, Австрия). Сонымен бірге Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік Бағдарламасына сәйкес, 2030 жылға қарай, облыстың балық экспортын 2 есеге, тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттырып, 500-ден астам жаңа жұмыс орындарын құру көзделген. Нәтижесінде, облыста 16 шарбақтық шаруашылық, 12 тоған шаруашылық, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізіледі деп күтілуде. Осы орайда, балық шаруашылығы саласын одан әрі дамыту бағытында шараларды жалғастыратын боламыз.