«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану- аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі»
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану- аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 20.07.2023, 10:00
- 20.07.2023, 17:00
Кәкімжанов Ердәулет 20.07.2023, 13:25, Сұрақ нөмірі: 12081
Әлемдегі ең ірі экологиялық апаттардың бірі – Қызылорда облысы аумағында орналасқан Арал теңізінің тартылуы. Құрғаған ұлтаннан ұшқан тұзды құм, экологиялық жағдайға кері әсерін тигізуде. Осы бағытта облыс деңгейінде қандай шаралар атқарылуда?
Қызылорда облысы 20.July.2023, 13:42
Расыменде, облыс аумағындағы жойылып бара жатқан Арал теңізінің мәселесі біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіруде. Теңіздің тартылуы салдарынан жыл сайын 75 миллион тоннаға дейін шаң мен улы тұзды жел көтеріп, оның тозаңы қазірдің өзінде Еуропа мен Антарктидадан табылып отыр. Осы ретте, Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 2021-2025 жылдар ішінде 1,1 млн. га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде шаралар кешенін қабылдау туралы тапсырмасы аясында 2021 жылы 101 мың гектар, 2022 жылы 250 мың га сексеуіл егу жұмыстары жүргізілсе, 2023 жылы 250 мың га жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстары атқару жоспарлануда. Ағымдағы жылы жоспарланған 250 мың га көлемнің 100 мың гектары орман шаруашылығы мекемелерінің күшімен, 150 мың га ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тарапынан жүргізілетін болады. Қазіргі таңда 53 мың га сексеуіл көшеттерін отырғызу, 7777 га галофитті тұқым себу жұмыстары жүргізілді. Қалған көлем агротехникалық талаптарға сәйкес күзде жүргізілетін болады. 2025 жылдың аяғында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында орман қоры ұлғайып бұл өз кезегінде ұшқан құм мен тұз азаюына, экологиялық жағдайдың жақсаруына септігін тигізеді.