«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 21.07.2023, 15:00
- 21.07.2023, 17:00
Даулетбаева Ұлнұр 21.07.2023, 16:33, Сұрақ нөмірі: 12082
«Б» категориясы «С-О-5» санатындағы қызметкерлер қай салаға жататынын заңмен дәлелдеп берсеңіз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.July.2023, 16:56
Қайырлы күн! «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес, С-О-5 санаты («бас маман», «кеденнің бас маманы», «кеден бекетініңбас маманы», «облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы»)«Б» корпусыныңмемлекеттік әкімшілік лауазымдарына енгізілгендігі назарыңызға ұсынылады. Бұл орайда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi болып Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қызметін тұрақты немесе сайланған кәсіби негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi танылатындығы түсіндіріледі. Жүгініміңізге алғыс білдіреміз!