«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 21.07.2023, 15:00
- 21.07.2023, 17:00
Нұрмұханов Диар 21.07.2023, 16:46, Сұрақ нөмірі: 12083
Сәлеметсізбе! Мен мемлекеттік органдардағы А және Б санаттары туралы және оларға еңбекақы жүргізу туралы сұрағым келеді. Менің атқарып отырған міндеттерім Б немесе А блогына жататындығын қалай айқындауға болады? Оны кім шешеді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.July.2023, 16:57
Қайырлыкүн! Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы№ 138 бұйрығыменбекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу әдістемесінің9-тармағына сәйкес, «Б» функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жанама әсер ететін және ықпал ететін сипаттағы қызметшілер жатады. Бұл ретте, «А» функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға тікелей жәрдемдесетін қызметшілер жатқызылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге, сондай-ақ қызметшінің мемлекеттік орган қызметіне қосқан үлесінің дәрежесіне қарай функционалдық блоктар бойынша дербес бөледі. Сәйкесінше, заңнамамен көзделген тәртіпте еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің атқаратын қызметтері бойынша еңбекақы төлемдері жүргізіледі. Бұдан бөлек, Әдістеменің 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдарға мемлекеттік лауазымдарды функционалдық блоктар бойынша бөлудітоқсанына бір реттен асырмай қайта қарауға жол берілетіндігін назарыңызға ұсынамыз. Қойған сауалыңызға алғыс білдіреміз!