«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша»
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.07.2023, 15:00
- 24.07.2023, 17:00
Абикенов Шынгысхан 24.07.2023, 15:31, Сұрақ нөмірі: 12086
Салеметсіз бе, мен өз ұлымды казіргі тұрып жатқан мекен-жайым бойынша тіркегім келіп отыр. Документтер толық болмаған жағдайда қызмет беруші тіркеуден бас тарту түмкін, қай документ жетіспейтінін қайдан білем сондай жағдай болып қалса?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.July.2023, 15:39
Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет! «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және онын тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен бекітілген Қағидасында (Бұдан әрі – Қағида ) көзделген. Қағиданың 2-тарауы 5-тармағына сәйкес толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту беріледі. Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат ұсынады, және қолхатта жоқ құжаттардың атауларын көрсетеді.