Мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгерістер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 26.07.2023, 15:00
- 26.07.2023, 18:00
Бағдатова Айзат 26.07.2023, 17:30, Сұрақ нөмірі: 12091
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған пилоттық жоба қай уақыт аралығында жұмыс жасайды және қандай мемлекеттік органдар пилоттық жоба бойынша іріктеуді жүзеге асырады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.July.2023, 17:35
Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет. 2023 жылдың 1 наурызы – 31 желтоқсаны аралығында "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға пилоттық іріктеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының cауда және интеграция, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде, Ақмола облысы мен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында өткізілуде..