«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы»
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Е.Жұмабаев жауап беретін болады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 27.07.2023, 09:00
- 27.07.2023, 18:30
Бимырзаева Аружан 27.07.2023, 16:36, Сұрақ нөмірі: 12093
Жеке куәлігімді жоғалтып алған жағдайда оны қайта шығару үшін қандай құжаттармен қайда баруым қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.July.2023, 17:42
Сәлеметсіз бе, Аружан!? «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басын куәландыратын құжаттары жоғалған немесе ұрланған жағдайда жаңа құжаттарды алу үшін тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация» КЕАҚ (ХҚКО) жүгінеді. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлікті жоғалтқан кезде қалпына келтіруге арналған құжаттар пакеті: Жеке куәлікті жоғалту мән-жайларын көрсете отырып, оны қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш. Мемлекеттік баж төленгені туралы құжат (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады). Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса).