«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы»

«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Е.Жұмабаев жауап беретін болады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 27.07.2023, 09:00
  • 27.07.2023, 18:30

Өмрәлі Дәулет 27.07.2023, 16:42, Сұрақ нөмірі: 12094

  • 0

Жұмыстан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем қалай тағайындалады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.July.2023, 17:53

Сәлеметсіз бе, Дәулет?! Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметін онлайн алу үшін Сіз: 1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз. 2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). 3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз. Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар): 1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) нысан бойынша өтінішті ұсынады. 2. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі). 3. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы. Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар): 1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) нысан бойынша өтінішті ұсынады. 2. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі). 3. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы. Құжаттарды ұсыну оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Проактивті қызмет арқылы: Әлеуметтік төлемді тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жіберетін банктік шоттың нөмірін растау немесе ұсыну.