«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы»
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Е.Жұмабаев жауап беретін болады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 27.07.2023, 09:00
- 27.07.2023, 18:30
Абдраманова Натира 27.07.2023, 17:35, Сұрақ нөмірі: 12095
2 жасар баламды балабақшаға тіркеу үшін қандай құжаттар керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.July.2023, 17:55
Шымкент қ. Білім беру бөлімінің порталы арқылы мектепке дейінгі ұйымға кезеккке тұру Мемлекеттік қызметін келесідей пайдалануға болады: Мектепке дейінгі ұйымға кезекке тұру өтінішің электронды нысанын толтыру; Өтініш берілгені туралы хабарлама алу; Кезек номері бекітілгені туралы хабарлама алу; Өзініздің көңіліңізден шыққан мектепке дейінгі ұйымға кезекке тұру үшін электронды түрдегі өтінішті толтырыңыз; Өтінішті тапсыру бойынша мәліметті алыңыз; Өзіңіз таңдаған мектепке дейінгі ұйымға кезекке тұру нөмірін алыңыз. Берілген қызметті Шымкент қ. Білім беру бөлімінің порталы арқылы алу үшін міндетті түрде баланың ЖСН, кезек номері мен өтініш статусы жайлы хабарламаларды алу үшін ата-ананың (немесе заңды өкілі) қолданыстағы екі мобильді телефон номері және заңды өкілінің құқықтарын растайтын не/немесе мектепке дейінгі ұйымнан орын алуға жеңілдіктері туралы құжаттардың электронды көшірмесі қажет.